Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Семинар өтті

04.08.2026, 8:35 64

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Динара Сардарбекқызының төрағалығымен «Трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді, деп жазады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараға ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК-ның мамандары мен облыстық медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасарлары және кардиолог, невропатолог, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қатысты.

Дәрігерлердің трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру бағытындағы білімдерін жетілдіру, сондай-ақ практикалық дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада:

• «Ми өлімі»;

• «Ми өлімін анықтау (констатациялау) және оның критерийлері. Донорлық үдерістің алгоритмі»;

• «Донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесі. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу» тақырыптары қозғалды.

Оқыту барысында сонымен қатар трансплантация саласындағы өзекті мәселелер, ми өлімін диагностикалау тәртібі, әлеуетті донорларды анықтау алгоритмдері, донорлар мен реципиенттердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында қатысушыларға тәжірибелiк мысалдар ұсынылып, сұрақ-жауап бағытында пікір алмасу ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: