Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағзалық донорлықты қолдау бойынша басқосу өтті

04.08.2026, 8:25 46

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегi республикалық орталық мамандарының қатысуымен ағза донорлығын қолдау, игi iс жасауға тұрғындарды шақыру мақсатында «Трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Динара Сарманованың төрағалығымен өткен жиынға, сондай-ақ облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамының орынбасары Жақсыбек Әбенов және облыстық емдеу-профилактикалық ұйымдары бас дәрігерлерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы директорының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Назгүл Жылгелдина «Қазақстандағы ағза донорлығы мен трансплантациясы. Ағза донорлығы мен трансплантациясының заңнамалық аспектілері және халықаралық реттеу нормалары» тақырыбында баяндама жасаса, республикалық трансплантациялық координаторы Лейла Исмагамбетова «Ағзаларды трансплантациялау кезіндегі зертханалық және клиникалық сүйемелдеу. Донор мен реципиентті жеке іріктеу» тақырыбында дәрiс оқыды.

Баяндама барысында трансплантация саласындағы заманауи тәсілдер, донор мен реципиентті іріктеу қағидаттары, зертханалық және клиникалық сүйемелдеу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ағзалық донорлықты дамыту мен халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы ұсыныстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: