Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кей әнші шығармалары арқылы есірткіні жанама түрде насихаттап жүр – Нұрсұлтан Орынбек

27.07.2026, 9:50 36

HALYQLINE.KZ

Белгілі заңгер Нұрсұлтан Орынбек Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында отандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында өз шығармашылығы арқылы есірткіні жанама түрде насихаттап жүргендер бар екенін айтып, мұндай әрекеттерге заң аясында тосқауыл қою қажет екенін мәлімдеді.

Заңгердің сөзінше, бұған дейін «Қаракесекке» қатысты пікір білдіргенде көпшілік оның сөзін сынға алған. Алайда кейін әнші есірткіге қатысты іс бойынша сотталғаннан кейін қоғам бұл мәселеге басқаша қарай бастаған.

«Әр адам өзінде бар дүниені береді. Ақын да, әнші де өз ішкі әлемін шығармашылығы арқылы көрсетеді. Кейбір блогер мен өнер адамдарының әндері, әрекеттері мен қимыл-қозғалыстары тікелей жарнама болмаса да, жастарға жанама түрде кері әсер етеді», — деді Нұрсұлтан Орынбек.

Сондай-ақ ол қоғамда кең талқыланған Жузефина оқиғасына тоқталып, жастар арасында есірткіні немесе зиянды әрекеттерді қалыпты құбылыс ретінде көрсетуге жол беруге болмайтынын айтты.

Құқық қорғаушының пікірінше, полиция мұндай жағдайларда дер кезінде әрекет етіп жатқанымен, мәселені тек құқықтық тұрғыдан емес, мәдениет пен ағартушылық арқылы да шешу қажет.

«Өнерге цензура қоюға қарсымын. Бірақ сахнаға есірткінің әсерімен шығу немесе мұндай әрекеттерді қалыпты нәрсе ретінде көрсетуге жол берілмеуі керек. Өнер адамдарына нақты талап қойылуы тиіс», — деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: