Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Министрлік растады”: Орал қаласында университет ректоры ұсталды

21.07.2026, 21:15 50

Орал қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды. Ақпаратты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі растады. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, жоғары оқу орнының басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу аясында оның жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізілгені хабарланды. 

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметте қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізіп жатқаны айтылған. Алайда құқық қорғау органдары әзірге істің мән-жайына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. 

56 жастағы Нұрлан Серғалиев Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетін 2018 жылдан бері басқарып келеді. Ол биология ғылымдарының кандидаты, 150-ден астам ғылыми еңбек пен бес патенттің авторы. 

Ғылым және жоғары білім министрлігі ректордың ұсталғанын растағанымен, оқиғаның себептері мен тараған ақпараттағы өзге мән-жайлар өздеріне белгісіз екенін мәлімдеді.

«Ұстау себебі мен таратылған ақпаратта айтылған мән-жайлар белгісіз. Тергеу және өзге де әрекеттерді жүргізуге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ресми органдар қосымша ақпаратты жариялаған жоқ. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: