Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа премьер-министр тағайындалды

16.07.2026, 16:06 52

Жоғарғы Рада Сергей Корецкийді Украинаның премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Парламент отырысында Украина президенті Владимир Зеленский ұсынған Корецкидің кандидатурасына барлығы 289 депутат қолдап дауыс берді.

Корецки 2025 жылдың 17 шілдесінен бастап бір жыл бойы премьер-министр қызметін атқарған Юлия Свириденконың орнына келді.

Сергей Корецкий мұның алдында «Нафтогаз Украина» компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Украинаның Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкаға кетуін қолдағанын хабарланғанбыз. Онымен бірге бүкіл үкімет автоматты түрде отставкаға кетті.


Фото: ukrinform.ua

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: