Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда көшелеріне арнайы көліктер үздіксіз су сеуіп жатыр

14.07.2026, 22:59 36

Аптап ыстыққа байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді.

Қаладағы қолайлы экологиялық және санитарлық ахуалды сақтау мақсатында негізгі автокөлік жолдарына арнайы техникалардың көмегімен су себу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар шаң-тозаңның көтерілуін азайтып, ауа сапасын жақсартуға және жоғары температураның жол жабындарына әсерін төмендетуге бағытталған.

Бүгін қала бойынша 10 арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде 3 техника автокөлік жолдарына жаңбырлатып су себудің жаңа тәсілімен жұмыс жүргізсе, 7 техника қаланың негізгі автокөлік жолдарына дәстүрлі тәсілмен су себу жұмыстарын атқарды.

Мұндай тәжірибе Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларда және шетелдің көптеген мегаполистерінде кеңінен қолданылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: