Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Соттың тікелей эфирде көрсетілеуін талап етеміз»

13.07.2026, 16:30 70

Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай Серікбайдың ісі сотқа жолданды. 

Бұл туралы отбасының адвокаты Аянхан Омаров хабарлап отыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, ендігі кезеңде іс сотта мәні бойынша қаралады. Оған қоса, істің тікелей эфирде өткізілуін талап етеміз», – деп жазды адвокат.

Еске салсақ, 11 қаңтарда Нұрай Серікбай көшеде ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Ол жарты жылдан бері сталкердің құрбаны болған. Оқиғадан кейін 28 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру»; «Некеге мәжбүрлеу» (Адам ұрлау);«Сталкиң» (Аңду).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: