Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот 14 жастағы қызға қатысты топ болып зорлау ісін «өзара келісіммен болған» деп бағалады

13.07.2026, 14:21 64

Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры хабарлады.

Қор ақпаратына қарағанда, прокуратура айыпты зорлау бабынан кәмелетке толмағанмен өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түсу бабына ауыстырған.

«Колледждің екі студенті Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір студент осы баппен 8 жылға сотталды. Ал төртінші студент қылмыс туралы хабарламағаны үшін Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша 2 жыл 8 айға сотталды», – делінген қор хабарламасында.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, сот барысында прокурор қыз жеткілікті дәрежеде қарсылық көрсетпегендіктен, келісім болмағанын дәлелдеу мүмкін емес деген уәж айтқан.

Қор өкілдері істің мұндай үкімге шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

«Қазіргі заң бойынша әйел немесе қыз зорлыққа ұшырадым деп танылуы үшін белсенді түрде қарсылық көрсетіп, дене жарақатын алуы керек. Егер ол қорыққаннан қарсы тұра алмаса, бұл өзара келісіммен болған жыныстық қатынас ретінде бағалануы мүмкін. Мұндай норма 1956 жылы, Қазақ КСР кезінде қабылданған және кейінгі заңдарға өзгеріссіз енгізіліп келген», – дейді қор өкілдері.

Соттан кейін қазақстандықтар қызды қолдау үшін #ТолькоМоёДА акциясын бастады. 

Белсенділер заңнаманы өзгертіп, ерікті келісім қағидатын нақты бекітуді талап етіп отыр

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: