Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар білім беру саласына қатысты өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір көтерілген мәселе жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.
Қабылдауға 4 азамат қатысып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Тапсырмалардың орындалуы басқарма басшысының бақылауына алынды.
@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!