Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаһандану және оның қоғамға әсері

26.06.2026, 10:40 70

Фото: digitaletiquette.kz

Қазіргі заманда әлем елдері бір-бірімен тығыз байланыс орнатқан. Бұл құбылыс жаһандану деп аталады. Жаһандану – мемлекеттердің экономика, мәдениет, білім және технология салаларында өзара ықпалдасуы. Бүгінде интернет пен ақпараттық технологиялардың дамуы жаһандану үдерісін одан әрі жеделдетті.

Жаһанданудың көптеген пайдасы бар. Ең алдымен, ол елдер арасындағы білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі мемлекеттердің ғалымдары бірлесіп зерттеулер жүргізіп, жаңа жаңалықтар ашады. Сонымен қатар адамдар басқа елдердің мәдениетімен танысып, дүниетанымын кеңейтеді. Білім алу мүмкіндіктері де артып, жастар шетелдік университеттерде оқуға жол ашады.

Дегенмен, жаһанданудың кейбір кері әсерлері де бар. Кей жағдайда ұлттық мәдениет пен дәстүрлер әлсіреуі мүмкін. Әсіресе жастар шетел мәдениетіне еліктеп, өз тілін және салт-дәстүрін ұмытып кетуі ықтимал. Сондықтан жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды сақтау өте маңызды.

Қорытындылай келе, жаһандану – заман талабы. Ол қоғамның дамуына үлкен мүмкіндік береді. Алайда әр халық өзінің тілі мен мәдениетін сақтай отырып, жаһандық өзгерістерге бейімделуі керек. Сонда ғана біз дамыған әрі рухани бай қоғам құра аламыз.

Рысжан АЛДАБЕРГЕНОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: