Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

30.06.2026, 15:35 70

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы ол парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысында айтты, деп хабарлайды Ақорда.

«Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады.

Осыған орай, мен бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоямын», — деді президент.

Мемлекет басшысы саяси науқанды жоғары деңгейде өткізу керектігін айтты.

«Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс. Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Азаматтармыз елдің ертеңіне бейжай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін айқын көрсетіп келеді.

Бұл – жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, рухы және мәдениеті биік ұлттарға ғана тән қасиет.

Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: