Қызылорда облысында ҚАЖ мекемесіне ақша өткізбек болғандардың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қамауда отырған ағасына сәлем-сауқат әкелген азамат мекеме аумағына жасырын түрде ақша өткізбек болған. Тексеру барысында жеткізілген спорттық киімнің оң жақ қалтасынан жалпы сомасы 30 мың теңге ақша табылды.
Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат жеткізген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар рәсімделіп, сот қарауына жолданды.
Айта кету керек, осыған ұқсас тағы бір жағдай тіркелген. Қамауда отырған әкесіне сәлем-сауқат әкелген азаматша мекеме аумағына 10 100 теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз өткізбек болған. Алайда бұл әрекет бақылау-өткізу пунктінде орнатылған рентген қондырғысының көмегімен дер кезінде анықталып, ақша тәркіленді. Аталған азаматшаға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотқа жолданды.
ҚАЖ мекемелері азаматтарға сотталғандарға тыйым салынған заттарды немесе қаражатты заңсыз жолмен өткізу әрекеттері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Фото: polisia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!