Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға 63 ИВЛ аппараты алынбақ

14.07.2020, 21:45 666

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1750 науқас бақылауда. Оның ішінде инфекциялық стационарда – 381 және провизорлық стационарда – 1 369 науқас ем алуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.

Облыс аумағында коронавирус инфекциясымен ауырғандарды және қарым-қатынаста болғандарды бақылау мақсатында барлығы 760 төсек орын ашылған болатын. Бүгінде барлығы 2410 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішінде инфекциялық төсек саны 620 орынды құраса, провизорлық төсек орын саны – 1 790-ды құрайды, – дейді басқарма басшысы.

Облыстың бас дәрігері қазіргі таңда 76 жасанды өкпені желдету аппараты (ӨЖЖ) жұмыс істейтінін, 12 аппарат істен шыққанын мәлімдеді.

Бүгінгі күні облыс бойынша 64 ИВЛ аппараты жұмыс жасап тұр. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 63 ИВЛ аппаратына өтінім берілді, – деді басқарма басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: