Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

24 жасар жігіт жоғалды

14.06.2026, 12:11 48

АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр.

Бұл туралы Данияр Мейірхан Threads әлеуметтік желісінде жариялады, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол кейінгі рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.

«10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) автокөлігін тапты, алайда Әсеттің қайда екені әлі белгісіз. Егер кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, жеке хабарлама арқылы хабарлауды немесе отбасымен байланысуды сұраймыз. Мейлінше көп репост жасауды өтінемін», — делінген хабарламада.

Фото: Massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: