Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бұйрығымен «Сыр суы» филиалының директоры лауазымына тағайындалған Әмиша Ержан Шынтемірұлы таныстырылды.
Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, халықты сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдауды жүктеді. Өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту, ауызсу жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етіп, су жеткізу қызметінің сапасын арттыруды тапсырды.
Ержан Шынтемірұлы 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құрылыс», «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын «СМП-Қызылорда» серіктестігінде инженер ретінде бастаған.
Әр жылдары жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет істеген.
Кейінгі жылдары «Қазсушар» мекемесінің «Сыр суы» филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!