Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрбандарды үнсіз еске алу рәсімі өтті

13.07.2020, 15:25 944

HALYQLINE.KZ Бүгін жергілікті уақытпен сағат 11:00-де Қызылорда қаласының әкімдігі республика бойынша жарияланған пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсімін өткізді.

Мемлекет басшысының өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап қаламыздағы барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімдігінің алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды.

Сонымен қатар, рәсімге қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: