Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экономикалық және индустриялық аймақтар мүмкіндігі сараланды

03.06.2026, 12:00 75

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «China State Construction Engineering Corporation» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл – әлемдегі жетекші құрылыс және инфрақұрылымдық компаниялардың бірі.

Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Қазір экономикалық қызметтің 18 басым түрі айқындалған. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр жабдықтарын шығару, логистика және қоймалау, химия өнеркәсібі, автокөлік және авиациялық техника өндірісі сияқты бағыттар бар.

Сонымен қатар Қызылорда облысында индустриялық инфрақұрылымды дамытуда нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыста жалпы көлемі 515 гектардан асатын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді, оларда 112 млрд теңгенің 37 жобасы іске қосылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында құрылыс материалдары, шыны өндірісі, керамика және өнеркәсіптік өнім шығару жобалары нәтижелі жүзеге асуда.

Кездесуде тараптар индустриялық парктер салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, өндірістік және логистикалық нысандарды жандандыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Өзара тиімді әріптестікті дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі жалғастыру жоспары нақтыланып, аталған компания өкілдері Сыр өңіріне іссапармен келуге ниет білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: