Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ: Путин әскери шығынды азайтуға көнбей отыр 

02.06.2026, 10:40 68

Ресей қаржы министрлігі мен Орталық банкінің жоғары лауазымды өкілдері президент Владимир Путинге әскери шығындардың қазіргі деңгейі бюджет тапшылығының қауіпті шамада өсуіне әкеліп жатқанын ескерткен. Bloomberg мәліметінше, қаржы блогы қорғаныс шығындарын қысқартуды ұсынғанымен, Путин әскери бюджетке тиіспеуді, қаржы үнемдеудің басқа жолдарын іздеуді тапсырған.

Агенттік бұл жағдай Украинадағы соғыс басталғалы бергі Ресей басшылығындағы ең ірі ішкі келіспеушіліктердің бірі деп жазды. Қорғаныс министрлігі мен Кремль өкілдерінің бір бөлігі, керісінше, армияны қосымша қаржыландыруды қолдап отыр. Олар елдегі кәсіпорындардың көбі әскери тапсырыстарға тәуелді болғандықтан, соғыс шығындарын азайтудың экономикаға салдары өте ауыр болады деп қауіптенеді.

Bloomberg дерегінше, 2026 жылы Ресей қорғаныс министрлігінің бюджет тапшылығы 3 трлн рубльге жетуі мүмкін. Ресей бюджетінің кейінгі нұсқасында 2026 жылы қаржы дефициті 3,8 трлн рубль болады деп белгіленгенімен, биыл бірінші тоқсанда оның көлемі 6 трлн рубльге жуықтап, соғыс басталғалы бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: