Мектептен келген баласы:
— Әке.
— Не болды, балам?
— Мектепке цирк келді.
— Онда кімдер болады?
— Маймылдар би билейді. Ән айтады.
— Қай жақтың маймылдары?
— Білмедім. Соны көруге 200 теңгеден жинап жатыр, — деді баласы.
Әкесі мамасын шақырды.
— Мамасы.
— Ау.
— Балаға 2000 теңге керек.
— Неге?
— Мектепке маймылдар келіпті. Сабақ береді.
Мамасы атасына барды.
— Ата.
— Ааа?
— Немереңіз ақша сұрап тұр.
— Жайшылық па?
— Мектепке маймыл асырайды екен.
— Не дейді? Енді жетпегені осы еді.
— Сол үшін 20 мыңнан жинап жатыр, — деді келіні ентігіп.
Атасы кемпіріне барып айтады.
— Кемпір, енді мектепте маймылдар оқиды, — дейді.
— Көтек, оны кім айтты?
— Келініңнен естідім. Соған 200 мыңнан жинайтын көрінеді.
— О, Құдайым сақтай гөр! Өзімізде маймыл аз ба еді?
Кемпір көршісіне жүгіреді.
— Көрші, көрші…
— Ау, әже.
— Естідің бе?
— Нені?
— Маймылдар мектеп салады екен. Әр отбасыдан 2 миллион теңгеден сұратып жатыр.
Мына жаңалықты естіген көршісі айғайлап көшеге шықты.
— Халайық, маймылдар мектептен 2 миллиард ақша жеп кетіпті…
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
Ақтөбе қаласы
Фото: anekdot.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!