Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ грин-картаға өтініш тапсыру ережесін қатайтты

24.05.2026, 14:35 39

АҚШ грин-картаға өтініш беру ережесін қатайтты. Енді шетел азаматтары оған өтінішті тек АҚШ-тан тыс аумақта ғана тапсыра алады. Бұл жөнінде азаматтық және көші-қон қызметі (USCIS) хабарлады.

Ведомство таратқан баспасөз хабарламасында АҚШ-та уақытша жүрген және грин-картасын алған келетін шетел азаматтары өтініш беру үшін елдеріне оралуы тиіс екені жазылған.

«Шетел азаматтары өз елінен өтініш берсе, бұл уақытша тұруға рұқсат ала алмай, АҚШ-та заңсыз қалуды жөн көргендерді іздеу мен депортациялау қажеттігін азайта түседі» деді USCIS баспасөз хатшысы Зак Калер.

Оның сөзінше, АҚШ-қа қысқа уақытқа барған уақытша жұмысшылар немесе туристер, студенттер өздерінің сапарын грин-карта алу процесінің алғашқы қадамы ретінде қарастырмауы керек.

USCIS бұрынғы қызметкер Дуг Рэнд NBC News арнасына берген сұхбатында жыл сайын грин-карта алуға шамамен миллион адам өтініш тапсыратынын айтқан. Жартысы АҚШ аумағында жасатады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: