АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісім жобасы дайындалып жатқанын мәлімдеді. Reuters пен AP мәліметінше, құжат Иранмен соғысты тоқтату және Ормуз бұғазын қайта ашу мәселелерін қамтуы мүмкін.
Трамп келісімнің негізгі бөлігі келісілгенін айтқан. Оның сөзінше, тараптар final details бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда Иран тарапы Ормуз бұғазы толық ашылады деген мәлімдемеге сақтықпен қарап, бұғазға бақылау өзінде қалатынын білдірген.
Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды теңіз жолдарының бірі саналады. Бұғаздағы ахуал мұнай бағасына және халықаралық энергия нарығына тікелей әсер етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!