Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрбан айтқа байланысты брифинг өтті

22.05.2026, 10:30 35

Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен басқосуда бас имам жиналған қауымға qurban.muftyat.kz платформасын таныстырып, өңірдегі құрбан шалу рәсімінің ұйымдастырылуы, арнайы белгіленген қасапханалар мен ет қабылдау орындары, сондай-ақ мереке күндеріне жоспарланған шаралар жөнінде ақпарат берді.

Бас имамның айтуынша, облыс бойынша Айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Биыл да құрбан шалу рәсімі онлайн және офлайн түрде жүзеге асырылады. Қызылорда қаласында құрбандық шалу жұмыстары арнайы дайындалған «КЗО ЕТ» қасапханасында жүргізіледі.

Сонымен қатар, өз үйлерінде құрбандық шалып, оның етін мұқтаж отбасыларға үлестіруге ниетті азаматтар үшін қала көлемінде 5 ет қабылдау пункті бекітілді. Атап айтқанда: «Ақмешіт-Сырдария», «Нұр», «Айтбай», «Мүсірәлі ата» және «Ыбрайым молда» мешіттері. Осындай жұмыстар аудан орталықтарында да ұйымдастырылып, аудандық мешіттер ет қабылдау орны ретінде белгіленді.

«Құрбан шалу рәсімі Айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады. Өтініштер мен тапсырыстар 29 мамыр күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады. Жиналған құрбан еттері мешіт еріктілері арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеткізіледі», – деді бас имам.

Кездесу соңында Дастан Жанасұлы кәсіпкерлерді мал бағасын негізсіз көтермеуге және шариғат талаптарына сай келмейтін малдарды сатпауға шақырып, үндеу жасады.

Айта кетейік, өткен жылы «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық жобасы аясында Сыр мешіттері 105 тоннадан астам құрбан етін 11 972 отбасыға және түрлі әлеуметтік мекемелерге таратқан болатын. Биыл да қайырымдылық шараларын жалғастыру жоспарланып отыр.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: