Иранға қарсы соғыс жалғасады. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды.
Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады. Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.
«Мен билікке келгелі АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды», — деп жазды ол.
Сондай-ақ Дональд Трамп бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған.
Одан бөлек, Трамп Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында «Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады» деп те атап өткен. Сонымен қатар АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын айтқан.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Фото: engage.org.ua
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!