Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су үнемдеу — егістің басты талабы

14.05.2026, 18:31 39

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төралығымен мәжіліс өтіп, онда биылғы вегетация кезеңіне дайындық барысы және су жеткізіп беру қызметінің тарифіне байланысты мәселе талқыланды. Жиынға «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, егін шаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары вегетациялық кезең өте күрделі өтуде. Биылғы жылы да су тапшылығының қаупі бар. Осы жағдайға орай мәселе жан-жақты талқыланды.

–Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы жыл сайынғы Жолдауларында аграрлық секторға аса мән беру қажеттілігін айтып келеді. Бұл бағытты дамыту мемлекет үшін басым бағыттардың бірі саналады. Сондықтан егін шаруашылығына су ресурстарының жеткілікті болуы өте өзекті, – деді Дархан Есалыұлы.

Айта кету керек, биылғы көктемде қала бойынша 8 227 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, оның 3200 гектары күріш егісі. Қазір күріш тұқымының 47 пайызы суға бастырылды. Бидай, арпа, жаңа жоңышқа уақытылы орналастырылды.

Суды үнемдеу үшін жерді лазерлік тегістеп, егіс айналымын сақтап, топырақты дұрыс өңдеу керек. Бүгінгі таңда 3 мың гектар жер лазерлік тегістеуден өтті.

Мәжілісте шаруашылықтардың су алуы үшін келісім-шарттар жасап, су жеткізіп беру қызметіне байланысты бекітілген тарифке сай төлемді уақтылы жүргізу жауапкершілігі айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: