Бірыңғай конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Күлбаев Ғалымжан Қыдырияұлы тағайындалды.
Күлбаев Ғалымжан Қыдырияұлы 2003 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін «Құжаттану және басқаруды құжатпен қамтамасыз ету» мамандығы, 2019 жылы «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2005 жылдары Шиелі ауданы Жастарды қолдау орталығының директоры;
2005-2015 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, бас инспектор, бөлім басшысы;
2015-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!