Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Мәскеу қаласына барды

09.05.2026, 1:23 31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысатыны туралы бұған дейін Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлаған еді.

Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды, — деп жазды Айбек Смадияров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: