Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Берлинде тыңшылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

29.04.2026, 17:20 105

Германияның құқық қорғау органдары оны тыңшылықпен айналысты және ықтимал диверсияларға дайындалды деп айыптап отыр.

Deutsche Welle дерегінше, іс Германияның қорғаныс инфрақұрылымына қатысты мәліметтерді берумен байланысты. Ал ARD мен SWR хабарлауынша, 47 жастағы ер адам 28 сәуірде ұсталған. Ол бір тәулік ішінде сотқа жеткізіліп, бұлтартпау шарасы таңдалады.

DW жазуынша, прокуратура нұсқасы бойынша, күдікті кемінде 2025 жылдың мамыр айынан бері Германияның қорғаныс өнеркәсібіне қатысты мәліметтерді Ресейдің арнайы қызметтеріне беріп келген.

Атап айтқанда, ол Берлиндегі үкімет ғимараттарының фотосуреттерін, автомагистральдардағы әскери колонналардың қозғалысын және саясаткерлердің қызметтік көліктері туралы ақпараттарды жолдаған.

Фото: ulysmedia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: