Бүгін Сырдария ауданында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселелері қаралды.
Жиын барысында аудан басшысы өңірде цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл бағыттың маңызына ерекше назар аударды.
Берік Сәрменбаевтың айтуынша, цифрландыру – экономиканың барлық саласының тиімділігін арттыратын негізгі құралдардың бірі. Сондықтан мемлекеттік мекемелер мен бөлімдерде цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу арқылы халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру қажет.
«Цифрландыру – экономиканың барлық саласының тиімділігін арттыратын негізгі құрал. Сондықтан біз әрбір мекемеде цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет», – деді аудан әкімі.
Мәжіліс қорытындысында аудан басшысы барлық бөлімдер мен мекемелерге қызмет сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және жұмыс тиімділігін күшейту үшін цифрлық жүйелерді жетілдіруді тапсырды.
Жиында сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін басқару үдерісіне кезең-кезеңімен енгізу, заманауи цифрлық тетіктерді пайдалану және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!