«Сыр жұлдыздары» шығармашылық академиясында «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жалғасы ретінде студенттер арасында секциялық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Семинар-тренингте студенттер «Көшбасшылық», «Еріктілер», «Болашақта сапалы медициналық көмектің негізі ретінде студенттік ғылым мен практикалық даярлық» бағыты мен «Қазақстанның цифрлық медицинасы»: Ақпараттық жүйелер мен АИ-шешімдердің интеграциясы» бағыты бойынша тәжірибе алмасты.
Айта кетейік, конференция болашақ медицина мамандарының кәсіби және ғылыми әлеуетін біріктіру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, медициналық білім берудегі инновациялық идеялар мен цифрлық технологияларды ілгерілету, сондай-ақ қоғам игілігі үшін мейірімділік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!