Бүгін Қызылорда облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ботаникалық бақ аумағында 23 сәуір – Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне арналған апталық аясында балалар әдебиеті бөлімінің «Ашық аспан астындағы кітапхана» дауыстап оқу іс-шарасы өтті. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Іс-шараның мақсаты – қазақ және әлем балалар әдебиетінің үздік туындыларын насихаттау, жас буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында «Шырағымай» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері, І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің, И.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің оқушылары әдеби монтаждарын ұсынса, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің оқушылары өздері таңдаған шығармалардан үзінділер оқыды. Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушылары «Кітап – қазына» атты сахналық көрініс қойды.
Іс-шара соңында оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!