Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы жинағымен ипотека төлеу тәртібі өзгерді

17.04.2026, 12:10 170

17 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы артық қаражатты ипотеканы өтеуге пайдалану тәртібі өзгереді. Енді азаматтар бұл ақшаны екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық несиенің тек негізгі қарызын жабуға ғана пайдалана алады. Ал бұрын ай сайынғы төлем құрамына кіретін банк сыйақысы мен өзге де төлемдерді де өтеуге мүмкіндік болған.

Жаңа талапқа сәйкес, құжаттарда бұрын қолданылған «қарыз» ұғымының орнына «негізгі қарыз» термині енгізіледі. Бұл дегеніміз, енді ипотека бойынша сыйақы, өсімпұл, комиссия және өзге де қосымша төлемдерді қарыз алушы өз қаражатынан төлеуге міндетті. Зейнетақы жинағындағы артық сома тек несие денесін азайтуға бағытталады.

Сондай-ақ төлем жасау үшін enpf-otbasy.kz платформасына берешектің нақты қалдығы көрсетілген жаңа үлгідегі анықтама жүктеу қажет. «Отбасы банк» бұл өзгерістер тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына енгізілген түзетулерге байланысты екенін түсіндірді.

Жаңа норма барлық екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық несиелерге қатысты қолданылады. Яғни бұл талап бір ғана банкке емес, зейнетақы жинағын ипотеканы ішінара немесе толық мерзімінен бұрын жабуға пайдаланатын барлық қарыз алушыға ортақ болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: