Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Данияр Мейірхан қызметтік тексеру кезінде міндетінен шеттетілді

08.04.2026, 10:55 52

Астанада Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты ол тексеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілді.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпараттық платформаларда Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет тараған болатын. Сондай-ақ оның үстінен қарамағындағы 20 қызметкер тарапынан ұжымдық арыз түскені айтылды.

Осы жайттарға байланысты ресми орган түсініктеме беріп, аталған тұлғаның тексеру аяқталғанға дейін қызметінен уақытша шеттетілгенін хабарлады.

«Сауалыңызда көрсетілген тұлға тексеру жүргізу кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілді», – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі уақытта іс бойынша тексеру шаралары жалғасып жатыр. Әзірге өзге мән-жайлар мен тексеру қорытындысы ресми түрде жарияланған жоқ.

Фото: tengrinews.kz телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: