Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вахталық автобус аударылып қалды

06.04.2026, 8:30 30

HALYQLINE.KZ

5 сәуірде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалды. Салонда 50 адам болған, олардың 30-дан астамы зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Telegram-арнасы.

«ТЖМ-ның «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен үш зардап шеккен адам Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштерімен жедел жәрдем дәрігерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарының сүйемелдеуімен вахталық көлікпен 30 адам Ботақара кентінің ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деңгейде», — деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, жағдай ТЖМ бақылауында.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМСП, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазавиақұтқару», жедел медициналық жәрдем бригадалары және полиция жұмылдырылды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: