Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлікті дамыту жөнінде көшпелі отырыс өтті

04.04.2026, 8:51 51

Арал ауданы «Руханият» орталығында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен қаржы және кәсіпкерлік ұйымдарының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ренат Жанаевтөрағалық етіп, арнайы келген қонақтарды таныстырып өтті. Жиынға аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, шаруа қожалықтарының төрағалары, жеке кәсіпкерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Көшпелі отырысқа келген қонақтар қатарында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А.Каюпов, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы» ЖШС директорының орынбасары И.Қуанышев, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының несиелеу бөлімінің бас менеджері Б.Әбдікерова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда аймақтық филиалының бас маманы Ә.Орақбай, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалының бас маманы Е.Рахимшаев және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының директоры Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы болып, сөз сөйледі.

Жиын барысында қаржы ұйымдарының өкілдері мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері мен жаңа қаржыландыру жобалары жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелер талқыланды.

Жиынды қорытындылаған модератор кәсіпкерлікті дамыту – өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін атап өтіп, алдағы уақытта да мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, қызмет көрсету сапасын арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту бағытында бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: