Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

03.04.2026, 12:15 44

HALYQLINE.KZ

Мамыр айындағы басты ерекшелік – Жеңіс күніне орай демалыстың 9 мамырдан 11 мамырға ауысуы, деп жазады inbusiness.kz.

2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтарды қосымша демалыс күндері күтіп тұр.

Қосымша демалыстар бірнеше мемлекеттік мерекелерге байланысты:

1 мамыр– Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (жұма);

7 мамыр– Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);

9 мамыр– Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);

27 мамыр– Құрбан айт (сәрсенбі).

2026 жылдың мамыр айындағы басты ерекшелік – Жеңіс күніне орай демалыстың 9 мамырдан 11 мамырға ауысуы. Дәл осы шешім қазақстандықтарға ай ортасында қосымша ұзақ демалыс алуға мүмкіндік береді.

1 мамырға арналған демалыс кестесі

Бес күндік жұмыс аптасындақазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:

1, 2 және 3 мамыр.

Алты күндік жұмыс аптасында:

1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 мамыр – жексенбілік демалыс.

7 және 9 мамырдағы демалыстар

Мамыр айында ең ұзақ демалыс кезеңдерінің бірі күтіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

4–6 мамыр – жұмыс күндері;

7 мамыр– демалыс;

8 мамыр – жұмыс күні;

9, 10 және 11 мамыр– демалыс (күннің ауысуын ескергенде).

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

4–6 мамыр – жұмыс күндері;

7 мамыр– демалыс;

8 мамыр – жұмыс күні;

9 және 10 мамыр– демалыс;

11 мамыр – жұмыс күні.

Құрбан айттағы демалыс

Биыл мереке аптаның ортасына сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

27 мамыр– демалыс;

30 және 31 мамыр – әдеттегі демалыс күндері (сенбі және жексенбі).

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

27 мамыр– демалыс;

31 мамыр – жексенбілік демалыс.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: