Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атыс жаттығуы: алысқа көз тіккен батылдық

03.04.2026, 11:50 43

HALYQLINE.KZ

Жаны сіріден берік адамның қай жағдаяттан да безбейтіні белгілі. Содан болар, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі кәсіби даярлықты арттыруда шатқаяқтап қалған емес. Яғни, жеке құраммен жұмыс тобының ұйымдастыруымен қызметкерлерге ату бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Жауынгерлік әзірлік барда төтенше жағдайда әрекет ету де жеңіл. Мергендікті меңгеруге кіріскен қызметкерлер «Макаров» тапаншасын пайдалану, оны оқтау және ату кезіндегі тактикалық іс-қимылдарға көңіл бөлді. Ату – асығыстықты кешірмейтін, ішкі тәртіпті қажет ететін іс. Нық тұрыс, дұрыс тыныс алу мен қимыл-қозғалыс маңызды. Оқу-жаттығу барысында әділет лейтенанты Фердауси Ертайдың қызметкерлерге қаруды қолдану тәртібі, қауіпсіздік талабы және нысанаға дәл көздеу тәсілін түсіндіруі соған негіз.

– Қызметте жүріп кез келген жағдайға дайын болу үшін теориялық білім жеткіліксіз, тәжірибе аса қажет. Сондықтан біз қарумен жұмыс істеу дағдыларын тұрақты түрде жетілдіруге мән береміз. Ең бастысы – тәртіп, қауіпсіздік және нақты әрекет, — дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.

Иә, әр қызметкердің кәсібилігі сенімге селкеу түсірмесі хақ.

З.Қонысжан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: