Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс арнаулы мемлекеттік органдар туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

01.04.2026, 10:40 54

Құжат аталған құрылымдардың жұмысын жетілдіруге, тиімділігін арттыруға және заңнамадағы бірқатар олқылықтың орнын толтыруға бағытталған.

Заң жобасында экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетіктерін күшейту қарастырылған. Атап айтқанда, мұндай қауіптердің алдын алу, олардың туындау себептерін анықтап, жою шараларын енгізу ұсынылады. Сонымен қатар экстремистік және террористік материалдарды сақтауға тыйым салу көзделген.

Сондай-ақ құжатта мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейін әлсірету ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатер ретінде бағаланатыны көрсетілген. Бұл құпия ақпараттың сақталуын бақылауды күшейтіп, заңбұзушылықтардың алдын алуға жол ашады.

Бұдан бөлек, арнаулы мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелеріне қызметке қабылдау кезінде жас шектеулерін алып тастау, ал оқудан шыққан немесе аяқтамаған курсанттар мен кадеттерге жұмсалған қаражатты өндіру тәртібін жеңілдету ұсынылған.

Сонымен қатар Мәжілістің салалық комитеттері кедендік реттеу және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялауға қатысты жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: