Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл Қазақстанда қанша адам әскерге барады?

30.03.2026, 9:45 57

Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы 20 наурызда президент жарлығын іске асыру туралы қаулы қабылдады.

Құжатта мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери қызметшілерді запасқа шығару мәселелері қарастырылған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне:

2026 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында шақыру науқанын ұйымдастыру;
18-27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 43 231 ер азаматты әскерге шақыру;
шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тапсырылды.


ІІМ-не шақырылушыларды жинау және әскерге жөнелту орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күшейтілген кезекшілік ұйымдастыру жүктелді.

Көлік министрлігі Қорғаныс министрлігінің өтінімдері негізінде:

запасқа шығарылған әскери қызметшілерді;


Қарулы Күштерге, ІІМ-ге, ТЖМ-ге, ҰҚК-ге және Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.


Қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктеріне шақырылған азаматтарды және запасқа шығарылған әскери қызметшілерді тасымалдау шығындарын бюджет аясында өтеу тапсырылды.

Қаулы 2026 жылғы 20 наурыздан бастап күшіне енді.

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: