Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында мал басы 372 мыңнан асты

27.03.2026, 19:16 37

Қызылорда облысында мал шаруашылығы саласында өсім байқалады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 1 наурызына өңірде 372,1 мың бас ірі қара мал тіркелген.

Бұдан бөлек, облыс бойынша 612,7 мың бас қой мен ешкі, 274,5 мың бас жылқы, 62,8 мың бас түйе және 120,0 мың бас құс есепке алынған.

Мал шаруашылығы өңірдің аграрлық саласындағы негізгі бағыттардың бірі саналады. Бұл көрсеткіштер Қызылорда облысында төрт түлік түгенделіп, саладағы жұмыстың жүйелі жалғасып жатқанын аңғартады.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: