Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерге қысым көрсетпек болғандар ұсталды

27.03.2026, 16:30 77

Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың қызметін тоқтату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы Kazinform жазды.

27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.

— Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды. 17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған, — дейді тәртіп сақшылары.
Ведомство атап өткендей, құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты сақталады: криминалдық қысым көрсету мен тұрақсыздыққа әкелетін кез келген әрекеттер заң аясында тоқтатылады.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: