Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құтқарушылар төтенше жағдайға қашанда дайын

02.07.2020, 11:00 655

Төтеншеліктер үшін әр секунд маңызды. «Жаттығуда қиналсаң, ұрыста жеңіл болады» дегендей, сол секундтың қадірін білу үшін ұдайы дайындық керек. Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар­ы қызметі жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен «Қаз­АвиаСпас» АҚ бірігіп, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Жақында Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару  жасақ  қызметкерлері және бір кинологиялық есептобы «Қорқыт ата» халықаралық әуе­жайының  аумағынан  Еврокоптер  ЕС-145 әуе кемесімен Шаған ауылы маңында­ зардап шеккен азаматты құт­қару мақсатында жоғар­ы көтерілді. Жоспар бойынш­а оқиға орнына­ жеткен экипаж елді меке­н тұсында зардап­ шеккен азаматты іздестіру жұмыстарына кинологиялық есептопты жібереді. Қалған құтқарушылар табылған азаматты зеңбілм­ен тасымалдап, еврокоптер тікұшағын­а орналастырып, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, облыстық­ медициналық орталығына әкеледі­. Сала мамандары бұл жұмыстың қиындығы көп екенін айтады. Тіпті, жоғал­ған адамның жақындарымен бірге жаны ауыратынын жеткізді. «Жоғалған адамның туыстары жақынының иә тірі, иә өлі екенін білмей, күтумен күн өткізеді. Бұл өте ауыр жағдай» дейді олар.

– Мәселен, өткен жылдың қараша айында Арал ауданы Тастүбек елді мекені­ Кіші Арал теңізіне балық аулауға шығып қайта оралмаған екі балықшыға­ іздестіру жұмыстарын жүргіздік. Құтқарушылардың кәсіби іс-қимылының нәтижесінде біреуінің денесі туыстарына табысталды. Алайда екінші азаматтың мүрдесі әлі күнге дейін табылмады. Біздің негізгі мақса­тымы­з – жоғалған адамды тауып, оған алғашқы медициналық жәрдем көр­сету, – дейді Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.

Құтқарушылар мұндай мысалды мыңдап келтіруге бар. Жақында Қызылорда­ қаласы, Тасбөгет кентінде 10 жастағы бала суға ағып кеткен еді. Жасөспірімнің денесі 3 күннен кейін Абай ауылының маңындағы канал­дардың бірінен табылған.

– Тұрғындардың дені кәсіби құтқарушылардан бөлек, балгерлердің айтқан­ сөзіне сенеді. Олар қай маңды сілтесе, бізден сол аумақты барлап шығуды өтінеді, – дейді құтқарушы. 

Мамандар облыс тұрғындарын суға түсу маусымы кезінде аса сақ болуға шақырды. Себебі, су – тілсіз жау.

Қ.Жасаралұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: