Парламенттік сайлау нәтижелерінен кейін Дания премьер-министрі отставкаға кетті.
Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен король Фредерик X-пен кездесуден кейін қызметінен кету туралы өтініш берді.
Бұл туралы BAQ.KZ сайты РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады halyqline.kz тілшісі.
Кездесу Амалиенборг сарайында өтті. Онда үкімет басшысы монархқа парламенттік сайлау қорытындылары туралы ресми түрде баяндап, министрлер кабинетінің отставкаға кету туралы өтінішін тапсырды.
24 наурызда өткен сайлау Фредериксеннің Социал-демократиялық партиясы үшін сәтсіз аяқталды. Партия 21,9% дауыс жинап, парламентте 38 орынға ие болды. Бұл — 1903 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Сонымен қатар, олар алдыңғы мерзіммен салыстырғанда 12 мандаттан айырылды.
Солшыл блок («қызылдар») 84 орын, ал оңшыл блок («көгілдірлер») 77 орын алғанымен, ешқайсысы да көпшілікке қажетті 90 мандатқа жете алмады.
Енді үкімет құруда шешуші рөлді сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссен жетекшілік ететін «Умеренные» центристік партиясы атқаруы мүмкін. Олар парламентте 14 орынға ие.
Фото: Global Look Press
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!