«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілді білмейтін адам кемде-кем. Ал, табиғат – адамзаттың ортақ үйі десек, оны қорғау – әрбір саналы жанның борышы. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері Наурызнаманың «Жаңару күні» аясында игі іс жасап, қарттар үйінінің ауласына 22 түп ағаш отырғызды.
Бұл іс-шара – табиғатты түлетіп қана қоймай, қоғамдағы үлкенге құрмет пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Мекеме қызметкерлерінің ортақ іске жұмыла кіріскені – соның дәлелі. Әрине, әрбір егілген ағаш – тіршіліктің тынысы болып, жасыл желекті көбейте түсері хақ.
Қызметкерлерге көңілі толған қариялар ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Мұндай жанашырлыққа толы сәт ұрпақтар арасындағы байланысты бекітеді. Демек, жаңару күні – адам бойындағы ізгі қасиеттердің де жаңғыратын кезеңі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!