Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда ҚазТАГ агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

18.03.2026, 14:40 74

Алматыда ҚазТАГ агентігінің басшысы Әсет Матаевтың ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Әсет Матаевқа «бұзақылық» бабы бойынша күдік келтіріліп отыр. Журналистің жазуынша, 17 наурыз күні кешкі уақытта «Достық Плаза» сауда орталығы маңында төбелес болған. Оқиғаға қатысы бар бірнеше адамды полиция ұстап әкеткен. Олардың қатарында Әсет Матаев та болған.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылып отыр.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полициясы да растаған.

Еске сала кетейік, күдіктінің кінәсі сотта дәлелденгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: