Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан Паралимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп алды

13.03.2026, 17:30 52

HALYQLINE.KZ

Италияда өтіп жатқан Қысқы Паралимпиада аясында парабиатлоншылар арасындағы спринттік қуу жарысының финалы мәресіне жетті, деп жазады penalty.kz.

ҚАЗАҚСТАН САПЫНАН ҮШ ПАРАСПОРТШЫ СЫНҒА ТҮСТІ

Аталған додада ел құрамасы сапынан Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин өнер көрсетті. Финалдық сайыста қазақстандық жанкүйерлер үшін ең қуанышты нәтиже Ербол Хамитовтың еншісіне жазылды.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 9:39.0 уақыт көрсеткішімен бағындырып, нысана көздеуде бір мәрте мүлт кеткеніне қарамастан жарыстың жеңімпазы атанды. Осылайша Ербол Хамитов Қазақстанға Паралимпиада-2026 алтын медалін сыйлады.

Күміс жүлдені Украина өкілі Тарас Радь иеленсе, үздік үштікті Қытай спортшысы Лю Цзысю түйіндеді.

ХАМИТОВ БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЕДІ

Айта кету керек, осы Паралимпиада барысында Ербол Хамитов бұған дейін парашаңғы спринтінде қола медаль еншілеген. Енді ол өз жетістігін алтын жүлдемен толықтырды.

Биылғы Қысқы Паралимпиада Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатыр және жарыс 15 наурызда аяқталады. Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додада тек екі бағыт парашаңғы жарысы және парабиатлон бойынша қатысып жатыр.

Данияр СҰЛТАН,

сарапшы, спорт журналисі

Фото: olympic.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: