Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Псевдо намыс – надандықтың көрінісі

12.03.2026, 9:40 52

HALYQLINE.KZ

«…Халықтың кемшілігін айтуға болмай ма? «Ауруын жасырған өледі» дегенді айтқан да халық емес пе? Онда неге ауруымызды жасыруымыз керек? Өлу үшін бе? Ал, жарайды, мен ештеңе айтпадым. Ешкім ештеңе айтпасын. Ұлы үнсіздікте өмір сүрейік. Мына шіріген қоғам сонда қалай өзгереді? Балаларыңа қандай қоғамдық құндылықтарды мұраға қалдырасың? Әлі жүз жыл өтсе де, осы жабайы қалпымызда бәрін ақша беріп, шешіп жүреміз бе? Осылай өмір сүру сізге ұнай ма? Әділетсіздікке енді қанша ғасыр төзуге дайынсыз? Қазақ барлық инвестициясын балаларын оқытуға жұмсайды. Бірақ Қазақстанға білімді адамдар қажет емес. Оларды қайраңға шыққан балықтай лақтырып тастайды. Қызметте өсу үшін ең бірінші қойылатын талап – жағымпаздық өнері. Білім емес, талант емес, тәжірибе емес. Өсу шарты – бастыққа ыңғайлы, адал болу және мадақ одаларын айтуға машықтанған ұлы жағымпаздық. Осы қалыптасқан үрдіспен өмір сүру ұнай ма? Жоқ, әлде менталитетімізге судай сіңіп кеткен осы ғадетті қасірет деп мойындау қиын ба? Ең бір жаман, мерез, тоғышар нәрселер неге біздің елде қалыпты, үйреншікті тұрмыс салтына айналған? Егер халықта сыни ойлау қабілеті болса, неге олар тарих алдындағы өз жауапкершілігін мойнына алмайды? Сосын қоғамның аузын аштыртпай, жауып ұстау кімге тиімді? Қарапайым халыққа ма, жоқ билікке ме? Кеңес дәуірінен келе жатқан күшпен басып-жаншып ұстау, түрмемен қорқыту не әдет? Мені сотқа бергісі келетін адамдар сонда өз әрекетін қалай елестетеді? Олар неге өздерінің мерез мінез-құлықтарына емес, оны айтқан адамға жау болады? Олар менімен емес, өзімен күрессін, өзінің бойындағы кемшіліктермен күрессін. Псевдо намыс – надандықтың көрінісі. Егер олар мені сотқа берсе, жеке басыма өтіп, ауыр сөздер айтып, жала жапқаны үшін мен де қарсы арыз беремін. Менде барлық скриндер сақталған».

Танагөз Толқынқызы,

ақын.

(«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатынан)

Фото: zhasalash.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: