Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ Украина мен Ресей қатысатын үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды

10.03.2026, 9:40 48

Украина, АҚШ және Ресей арасында осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесу кейінге шегерілді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Ақпаратты Kazinform агенттігі Anadolu Ajansı-ға сілтеме жасап хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, келіссөзді кейінге қалдыру туралы ұсыныс АҚШ әкімшілігінің бастамасымен жасалған. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі, әсіресе Иран төңірегіндегі әскери қақтығыс себеп болған.

– «Осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесу АҚШ тарапынан ұсыныс түсуіне байланысты кейінге қалдырылды. Бұл шешім Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты қабылданды», – деді Владимир Зеленский.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 25 ақпанда Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне арналған үшжақты кездесу наурыз айының басына ауыстырылғаны хабарланған болатын.

Ал осыған дейінгі үшжақты келіссөздер Женева қаласында өткен.

Фото: Kazinform, Anadolu Ajansı

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: