Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

03.03.2026, 9:10 66

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тиісті құжатқа Президент қол қойған.

Өкімге сәйкес, Ұлан Абдилкаилұлы аталған қызметке кірісіп, мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларды жүзеге асыру, кадрлық саясатты жетілдіру және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымды Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева атқарып келген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: