Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иран тарапы Израиль аумағына зымыран соққысы жасалғанын хабарлады

02.03.2026, 16:10 55

Иранның Қарулы күштері құрамындағы элиталық құрылым – Корпус стражей исламской революции (КСИР) дерегінше, соққы нысаналарының қатарында Израиль премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимарат және Израиль әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы болған.

Мәлімдемеде зымыран соққысы жасалған ғимаратта Биньямин Нетаньяху-дің жұмыс кеңсесі орналасқаны айтылған. КСИР өкілдерінің сөзінше, үкімет басшысының кеңсесі «зақымданған», ал Нетаньяхудың жағдайы мен нақты қайда екені әзірге белгісіз екені алға тартылған.

Сонымен қатар, Иран тарапы Израиль әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Томер Бар орналасқан штаб-пәтер де нысанаға алынғанын мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратқа қатысты Израиль билігі тарапынан ресми растау не теріске шығару әзірге жарияланған жоқ.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Тараптардың ресми түсініктемелері мен халықаралық қауымдастықтың реакциясы кейін белгілі болуы мүмкін.

Фото: ZTB NEWS – Новости Казахстана

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: