Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті

01.03.2026, 21:50 25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктер басшылығы мен халқына қолдау білдірді. Президент қарулы қақтығыстар салдарынан БАӘ аумағындағы азаматтық инфрақұрылымға келтірілген залалға қынжылыс танытты.

– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас мемлекет ретінде қарайды, қажет болған жағдайда қолдан келген көмекті көрсетуге дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы азаматтық нысандарға жасалған шабуылдар қатаң айыпталуы тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық ахуал жағдайында көрсетілген ынтымақтастыққа ризашылығын білдірді.

Тараптар әңгімелесу барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық байланыс пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады. Сондай-ақ Рамазан айында екі ел халқына бейбітшілік пен береке тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: